Солтүстік Корея билігі коронавирус індетінің таралмауы үшін аймақта карантин талаптарын күшейтті

Солтүстік Корея билігі коронавирус індетінің таралмауы үшін аймақта карантин талаптарын күшейтті.

Мамандар қоғамдық орындар мен көшелерде зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жуырда Солтүстік Кореяда коронавирус жұқтырған науқас тіркелген ақпарат тараған болатын. Инфекция жұқтырған адам Оңтүстік Кореядан Кэ-Сон қаласына келген екен.

Осыдан кейін мемлекет басшысы Ким Чен Ын аймақта шұғыл төтенше жағдай режимін жариялады. Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Корея Үкіметі елде вирус жоқ екенін жариялаған. Шілде айының ортасында мыңнан астам тұрғын Ковид-19-ды анықтайтын тест тапсырғанда да бір де бір адамда індет анықталмаған еді.