Жапонияда коронавирус жұқтыру оқиғалары бүгін алғаш рет 1000-нан асты

Жапонияда коронавирус жұқтыру оқиғалары бүгін алғаш рет 1000-нан асты.

COVID-19 жұқтырғандар Токионың сыртында көп тіркеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап. Жаңа жұқтыру оқиғаларының рекордтық көрсеткішке жеткеніне тұрғыны көп прекфектуралар, оның ішінде Аити мен Осакада сырқаттанғандар санының артуы себеп болды.

Жапонияда 47 префектураның ішінде бұған дейін COVID-19 жұқтыру оқиғасы тіркелмеген жалғыз Иватеде бүгін алғашқы инфекцияға шалдыққан адам анықталды. жалпы, Жапония астанасында сырқаттанғандардың жалпы саны 11 861-ге жетті. Оның жартысы осы айда тіркелген.