Еліміз аурудың шарықтау шегінен өтті. Республикада короновирус эпидемиясына байланысты жағдай тұрақталды. Алексей Цой осылай деп мәлімдеді. Қазақстанда эпидемия басталғалы бері вирус жұқтырған 91 662 науқастың 67 пайызы жазылып шыққан.
Бұл – 62 511 адам. Ведомство басшысы Батыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Ақмола, Маңғыстау облыстары және Нұр-Сұлтан қаласында “жағдай жақсарғанын” айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Оның айтуынша, Қазақстан қазіргі карантиннің арқасында аурудың өсімін 2 есеге төмендеткен. Стационарлардағы жүктеме де азайған. Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 55 адам қайтыс болды.