Ресей Қазақстанмен шекараны әзірге ашпайды

Ресей Қазақстанмен шекараны әзірге ашпайды. Ресейлік БАҚ-та екі ел арасындағы шекара қазан айынан ерте ашылмайтыны туралы ақпарат тарады. “Эйр Астана” бұл мәліметке түсініктеме берді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әуе компаниясының баспасөз қызметі өкілінің айтуынша, рейстердің қайта ашылуы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. “Ресей аймақтарына ұшу күзгі-қысқы навигация басталғанға дейін қайта жанданбайды” деді баспасөз қызметі.