Қазақстан COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша “қызыл аймаққа” енді

Қазақстан COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша “қызыл аймаққа” енді. 1 тамыздан бастап Украина денсаулық сақтау министрлігі елдерді осылай “жасыл” және “қызыл” аймаққа жіктейтін болды деп хабарлайды Sputnik. Бұл тізім апта сайын жаңартылып отырады. “Қызыл тізімге” соңғы он төрт күнде 100 мың тұрғынға шаққанда COVID-19 инфекциясының жаңа жағдайлары Украинадағыдан асып түскен мемлекеттер кіреді. Бүгінде олардың саны 127.

Сонымен қатар, “соңғы екі апта ішінде жұқтырғандардың саны 30%-ке өскен мемлекеттер де енеді. Адамдардың қай жақтан ұшып келгеніне байланысты оларға әртүрлі ережелер қолданылады. “Жасыл аймақтан” келгендер оқшауланбайды. Ешбір тест сынақтарын тапсырмай-ақ, Украина аумағына өте алады. Ал “қызыл аймақтан” келгендердің барлығы екі апта оқшауланады.

Немесе 24 сағат ішінде ПТР-тест сынағын тапсыруы керек. Короновирус бар-жоғын анықтайтын тест нәтижесін шекарадан өткенге дейін 48 сағаттан кешіктірмей ұсынуы шарт.