Әкімдік гранттарын тағайындау конкурсына құжаттарды қабылдау мерзімі 18 тамызға дейін ұзартылды.
“Жергілікті атқарушы органның гранттарын тағайындау конкурсына құжаттарды қабылдау мерзімі 18 тамызға дейін ұзартылды. Егер жалпы грант бойынша түспеген болсаңыз, онда бұл мүмкіндікті өткізіп алмаңыз”, – деп жазылған Ұлттық тестілеу орталығының Instagram парақшасында.
2020-2021 оқу жылына 2 540 әкімдік гранты бөлінгені айтылып отыр. Құжат қабылдау 5-18 тамыз аралығында өтеді. Құжаттар ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясына тапсырылады.
Конкурсқа құжат тапсырған кезде талапкер 4 жоғары оқу орнын және 4 білім бағдарламасын таңдай алады. Бірақ олар бір облыста болуы керек.