Радиолар мен телеарналар хабар таратуды уақытша тоқтатады

19 тамызда Қазақстанда теле және радиохабар тарату тоқтатылады. Бұл туралы “Қазтелерадио” АҚ хабарлады.

Ұлттық оператор хабарлағандай, осы уақыт ішінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

“2020 жылдың 19 тамызында сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады”, – делінген хабарламада.