“Өте қауіпті симптом”: Тоқаев ұсталған облыс әкімдері жайлы айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

“Өткен жылмен салыстырғанда жемқорлық әрекеттері үшін жауапқа тартылған адамдардың саны 11 пайызға артқан. Ашығын айтқанда, қазір күнделікті жаңалықтардан түрлі деңгейдегі шенеуніктердің сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін ұсталып жатқанын оқитын болдық”, – деді Тоқаев.

Президент ұсталған шенеуніктердің ішінде екі облыс әкімінің де бар екенін ерекше атап өтті. Осының өзі – “өте қауіпті симптом”.