Тоқаев елдегі жағдайды пайдаланғандар туралы: адам қаншалықты арсыз болуы керек?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне үкіметпен бірлесіп, тұрмыстық жемқорлықпен күрес жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

“Күнделікті өмірде жемқорлық жағдайларына тап болған жұрт шарасыз күйге түседі, әділдіктің бар екеніне сенбейді. Пандемиямен жалпы ұлттық деңгейде жаппай күрес жүріп жатқанда пайда табу үшін адам қаншалықты арсыз болуы керек? Мысалы, Алматыдағы Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері азаматтарды блок бекеттен өткізу үшін үнемі пара алып отырған”, – деді президент.

Мемлекет басшысы мұндай деректер бірнеше өңірде байқалғанын айтты. Тіпті, барлық жерде осылай болған шығар деп ойлаймын, деді Тоқаев.