Бурабайдың экс-әкімі соққыға жығылды

Бурабайдың экс-әкімі соққыға жығылды. Соның салдарынан көз жұмды. Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаменті айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

“Биыл 23 мамырда Темірбековтің денсаулығына ауыр зақым келуіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 25 мамырда күдікті айыпты деп танылып, Бурабай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

27 мамырда Бурабай аудандық соты күдіктіге қатысты үй қамауына алу туралы шешім шығарды” делінген хабарламада. Ақмола облысының полиция департаменті қайтыс болған ер адамның Бурабайдың экс-әкімі екенін растады.