Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов коронавирусқа шалдықты

Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов коронавирусқа шалдықты. Медицина қызметкерлері шаһар басшысының диагнозын растады. Қазір әкім өз үйінде оқшауланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Теміртау әкімдігінің қызметкерлері де тексеруден өтті. Шенеунікпен байланысқан тұлғалардан алынған ПТР-тест сараптамасының нәтижесі теріс. “Ғалым Әшімовтың жағдайы тұрақты, денсаулығына байланысты арыз-шағымы жоқ.

Қазір жағдай бақылауда, әкімдік бұрынғы режимде жұмыс істеп жатыр” делінген хабарламада.