Телефонда жеке мәлімет пен банктерден келетін хабарларды сақтауға болмайды. Бұл туралы “Синергия” университеті IT институтының директоры хабарлады. Жеке мәліметтерді, құпиясөзі бар хабарламаларды қорғау үшін оларды дер кезінде жойып отыру керек.
Сарапшылардың айтуынша, алаяқтар жеке кабинетке кіруге арналған бірреттік сілтемені қолданады. Олар әдетте оны смс арқылы жібереді. Сол себепті, телефонға қиын құпиясөз қойып, қолдың ізі немесе Face ID-мен қорғау ұсынылады.