Той жасағандар туралы хабарлаған тұрғындарға ақша төленеді

Той жасағандар туралы хабарлаған тұрғындарға ақша төленеді. Мұндай мәлімдемені Батыс Қазақстан облысының әкімі жасады деп хабарлайды ktk.kz. Өңір басшысы Ғали Есқалиев түрлі мерекелік жиын өткізгендер жайлы айтқандарға қосымша сыйақы тағайындау туралы бастама көтерді. Оның айтуынша, мұны сөз тасу деп қабылдау қате түсінік. Бұл қоғамға деген көмек. Тіпті ол үшін әкімдіктен ақша да бөлінген. Той жайлы хабарлағандарға қанша ақша төленетіні  жайлы арнайы комиссия шешім шығарады.