Дәмханаларда қорқор шегуге рұқсат жоқ

Қазір елімізде шағын дәмханалардың жұмыс істеуіне рұқсат берілгенімен, қорқор шегуге болмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан елорда әкімдігінің өкілдері полициямен бірлесіп рейдке шықты. Шаһарда заңсыз жұмыс істеп жатқан бірнеше мекемені анықтады. Талапқа бағынбағандар Әкімшілік жауакершілікке тартылады.

Айталық, бизнес нысанының иесі 10 айлық, ал сол қорқорды шеккендер 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Себебі қорқор аты жаман вирустың үдеп кетуіне себеп болуы мүмкін.