“Қара бүркіт” колониясының басшысы ұсталды. Бұл туралы Қостанай облысының полиция департаменті мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің УК-161/3 төтенше қауіпсіздік мекемесінің басшысы сотталушыға жалпы қамқорлығы үшін пара алғаннан кейін ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің «Пара алу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Қостанай қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды делінген полиция хабарламасында.