Бекшин Алматыда демалыс күндері жабылатын нысандар туралы айтты

Бекшин Алматыда демалыс күндері жабылатын нысандар туралы айтты. “Демалыс күндері жабық базарлар, шаштараздар, салондар, моншалар мен сауналар жұмыс істемейді. Ірі нысандар да жабық болады”, – деді Бекшин. Оның айтуынша, сенбі-жексенбі күндері тауға шығуға тыйым салынады. Қоғамдық көлік тоқтатылады.
Ауруды жұқтыру, өлім-жітім, науқастардың саны мен ауруханадағы бос орындар сияқты көрсеткіштер ең төмен деңгейде болғанда демалыс күндері қоғамдық көлікті жүргізу және нысандарды ашу мәселесі қаралады.