Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын емделуге пайдалану тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
“Денсаулық сақтау басқармаларының жанынан комиссиялар құрылатын болады. Сол комиссиялар емдеу қажеттілігін айқындайды. Ал емделуге баратын адам клиниканы таңдағаннан кейін өзінің өтінішін уәкілетті операторға тапсырады. Операторды үкімет белгілейді”, – деді Нұрымбетов.
Министрдің айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинағын емделуге жұмсаудың нақты қағидаларын айқындайды.