Министр зейнетақы жинағын алу үшін шотта қанша ақша болуы керектігін айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағының бір бөлігін кімдер ала алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрдің айтуынша, зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға мүмкіндік беретін жеткіліктілік шегі ерлер мен әйелдер үшін бірдей. Жеткіліктілік шегі жыл сайын есептеліп отырады.

“Жеткіліктілік шегі әр жасқа бөлек белгіленеді. 20 жастан басталады”, – деді Нұрымбетов.

Айтуынша, алдын ала есептеу бойынша 30 жастағы азаматтың есепшотында 2 миллион 518 мың теңге болуы керек.

35 жас – 2 миллион 961 мың теңге
40 жас – 3 миллион 437 мың теңге
45 жас – 3 миллион 947 мың теңге
50 жас – 4 миллион 495 мың теңге
55 жас – 5 миллион 84 мың теңге

“59 жастан асқан азамат үшін 5 миллион 586 мың теңге қажет. Бұл жеткіліктілік шегі, бұдан асқан соманы олар өз қажетіне ала алады”, – деді Нұрымбетов.