Онлайн сабақта оқушыларға порнография көрсетілген. Нұр-Сұлтанда бесінші сынып оқушылары ZOOM арқылы математика сабағын өтіп жатқанда ұятсыз слайдтар жария етілгені жайында елорда тұрғыны шағымданған. Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы бұл оқиға 3 қыркүйекте болғанын растады деп хабарлайды Tengrinews.kz. ”
Zoom платформасындағы оқу процесіне бөгде адамдар араласқан. Олар балаларға ұятсыз слайдтар көрсетіп, балағат сөздер айтқан. Ата-аналардан және мұғалімнен хабарлама алғаннан кейін мектеп әкімшілігі олармен онлайн-кеңес өткізді. Оқушылармен чат және платформаларда жұмыс істеу кезінде этиканы сақтау туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді” делінген хабарламада. Білім басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденовтың атына хат жолдады.