Facebook АҚШ-тағы президенттік сайлау алдында саяси жарнаманы тоқтатады

Facebook АҚШ-тағы президенттік сайлау алдында саяси жарнаманы тоқтатады. Бұл туралы Марк Цукерберг мәлімдеді деп хабарлайды 24.kz. Бірлестік басшысының айтуынша, бұған қазір АҚШ қоғамының екіге жарылып, сайлау нәтижесінің жариялау соңы тәртіпсіздіктерге ұласу қауіпі түрткі болған. Осыған байланысты компания жалған ақпарат пен дауыс беру қорытындысына байланысты мәлімдемелерді арнайы белгілермен белгілейді. Бұдан бөлек, дерт жұқтыруды алға тартып, сайлауға қатыспауға шақыратын жазбалар да өшіріледі. Еске сала кетейік, АҚШ-та президенттік сайлау қарашаның 3-і күні өтеді.