Таразда жер кезегі келген тұрғындар табылмай жатыр

Таразда жер кезегі келген тұрғындар табылмай жатыр. Олар бастапқыда кезекке тұрғанда ЖСН-нін көрсетпеген. Ал келесі адамдарға берейін десе, прокуратура кезекті аттап кетуге болмайды деп отыр.
“11 935 азаматқа хабарлама жібергенбіз. Оның 488-і ғана қатысамын деп өтініш берді. Оның ішінде тек 38 азаматтың құжатын Құрылыс жинақ банкі мақұлдады. Тұрғын үй алмайтын болса, жазбаша түрде бізге ескерту керек”, – дейді қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Нұржан Бекежанов.