Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Шымкентте 64 жасқа шыққан ер адам, Павлодар облысында 85 жасқа шыққан әйел адам, Нұр-Сұлтан қаласында 61 жастағы ер адам коронавирустан қайтыс болды деп мәлімдеді.
Министрліктің ақпаратынша, өлім-жітімдерді зерттеу жөніндегі комиссия үш марқұмның өлімін коронавирус инфекциясыдан қайтыс болған деген шешім қабылдады. Қазақстанда коронавирустан 44 адам көз жұмды. Елде коронавирус жұқтырғандар 12 мыңға жуықтады.