Тоқаев: Қазақстанда қос билік жоқ

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев “Комсомольская правда” газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.

“Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев – тарихи масштабтағы тұлға, заманауи Қазақстанның негізін қалаушы. Жақында оның 80 жас мерейтойын атап өтеміз.

Біз үшін оның тарихи және саяси мұрасын сақтау маңызды, бұл Қазақстан мемлекетінің нығаюы үшін керек”, – деді Тоқаев. Оның айтуынша, қазіргі ауыр жағдайда Назарбаев дағдарыстан тез шығу, жаңа экономика құру және азаматтарға материалдық қолдау көрсету туралы курсын қолдаған.