Білім министрлігіне мемлекеттен бөлінген қаржы қайда кетті? Парламент мәжілісінің депутаты Дания Еспаева білім министріне осылай деп шүйлікті. Дүниежүзілік банктен алынған қаржы игерілмесе де, шілде айында білім және ғылым министрлігі үкіметтен қосымша 74,2 миллиард теңге сұраған. Еске сала кетсек, Қазақстан Дүниежүзілік банктен 2017 жылы ведомство бастамасымен 67,5 миллион теңге қарызға алған болатын.
Sputnik: “Жазда білім министрі Аймағамбетов жаңа оқу жылында қашықтан білім беру жағынан қиындық болмайды деп сендірген. Алайда “Ақжол” фракциясының депутаттары өңірлерді аралап шыққаннан кейін шілде айында министрге тағы үндеу жолдап, жағдайдың түзелмегенін жеткізген”, – деді Еспаева мәжілістің жалпы отырысында. Депутаттың айтуынша, көпбалалы отбасылардың балалары бір смартфонға таласып, сабақ оқып жүр. Ал көптеген елді мекендерде интернет те жоқ.