Депутаттар оқушыларды мектепке қайтаруды талап етіп жатыр

Депутаттар оқушыларды мектепке қайтаруды талап етіп жатыр. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктеріне сын айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ирина Смирнова Германия, Франция, Ұлыбритания, Ресей, Қытайда балалар мектептерде оқып жатқан кезде қазақстандық оқушыларды неге қашықтан оқуға мәжбүрлеп жатқанына наразылық білдірді.