Елімізде 39 баладан кавасаки синдромы анықталды. Сол балалардың 60 пайызы сауығып, аман-есен ауруханадан шықты, ал 40 пайызы әлі ем алып жатыр. Наурыз айынан бастап Қазақстанда 2,5 мың баладан коронавирус инфекциясы тіркелген. “Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы” АҚ басқарма төрайымы Риза Боранбаеваның айтуынша, балаларда коронавирустық инфекциядан кейін пайда болатын Кавасаки синдромы бойынша жағдай тұрақты.
Бұл синдромның клиникалық белгілері – дене қызуының 38 градустан жоғары болуы, ол 24 сағат немесе одан да көп уақытқа созылады, дененің бөртуі, іштің ауыруы, диарея, тыныс алу жүйесінің зақымдануы, жөтел, тыныс алу жеткіліксіздігі, ентігу, жүрек ауруы, конъюнктивит, аяқтың ісінуі.