Тоңазытқыштағы бала өліміне байланысты сот отырысы болды

Тоңазытқыштағы бала өліміне байланысты сот отырысы болды. Атыраудағы перинаталдық орталықтың дәліздерінде орнатылған бақылау камераларының бейнежазбалары зерттеліп жатыр. Бұл іске куәгер ретінде перинаталдық орталықтың санитары Светлана Козлова сотқа қайта шақыртылды. Қорғаушылардың айтуынша, оның бұған дейін берген жауабында қайшылықтар бар.

Сот отырысында акушер Жәмила Құлбатырова ас үйге кіріп, акушерлік құралдар өңделетін бөлмедегі жаңа туған нәрестеге қарауды сұрағанын айтты. Ол сәбиді №1 босану палатасынан алып келген. Бөлмеге екеуі бірге кірген кезде Козлова тірі баланы көріп, оны неге жансақтау бөліміне апармағанын сұраған.Шақалақ есік жаққа қарап жатқан, ерні мен қол-аяғы қимылдаған.

Ал акушер Құлбатырова баланың қимылсыз жатқанын айтады. Еске салайық, өткен жылдың күзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Атырау облысы перинаталдық орталығының бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты жаңа туған нәрестені өлтірді деп айыпталған акушер-гинекологты ұстаған еді. Қызметкерлер баланы өлі туды деп рәсімдеген. Алайда одан тіршілік нышаны байқалған кезде дәрігерлер құжаттарды қайта рәсімдегісі келмей, оны тоңазытқыш камерасына жіберген.