Еңбекақы бірнеше жылдың ішінде кезең-кезеңімен өсетін болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Қазақстан 2021 жылы ақ халаттылардың жалақысын көтеру үшін 220 млрд тегеден астам қаржы бөледі. Бұл туралы депутаттық сауалға жауап берген Асқар Мамин хабарлады. Премьер-министр сонымен қатар дәрігерлерге ынталандыру сыйлықақыларын төлеу 2020 жылдың соңына дейін жалғасатынын айтты. Осы мақсатта бюджеттен 150 млрд теңге бөлінеді.