Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

Оған сәйкес, қалада бірқатар карантиндік шектеурлер жеңілдетілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы. Қаулы 2020 жылдың 6 қазанында күшіне енеді. Атап айтқанда, қаулыға сәйкес, толымдығы 50% -дан аспайтын театрлардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Сондай-ақ, автокөлік жуу орындары, жеңіл көліктерге техникалық қызмет көрсету станциялары, аяқ киім шеберханалары, химиялық тазалағыштар, кір жуатын орындар және т.б жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 00:00-ге дейін ұзартылды.