Қырғызстанда премьер-министр тағайындалды

Қырғызстанда премьер-министр тағайындалды. Жогорку Кенештің депутаттары Садыр Жапаровты қолдап, бірауыздан дауыс берді. Одан бөлек, олар үкіметтің құрамы мен бағдарламасын бекітті. Еске сала кетейік, 5 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауының қорытындысымен келіспеген азаматтар жаппай наразылық білдірген еді. Митингіге шыққандар президент әкімшілігі және парламент отыратын Ақ үйге басып кірген болатын.