Алматыға ұшып келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды

Алматыға ұшып келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды. Оның бірі Анталиядан, қалған үшеуі Шарм-эль-Шейхтен келген жолаушылар. Бұл төрт жолаушы ПТР-талдау туралы анықтамасыз келген. Барлық қажетті емдік және эпидемияға қарсы іс-шаралар белгіленген тәртіппен жүргізіледі деді көліктегі бас мемлекеттік санитария дәрігері Сәдуақас Байғабылов. Ал 190 жолаушы стационарлық карантинге жіберілді.