Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделеніп барады. Қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин осылай деп мәлімдеді. Айтуынша, қазір инфекцияның таралу индексі – 1,06. Бұл көрсеткіш 1-ден өссе, дерт таралуының көбейгенін білдіреді. Одан бөлек, Бекшин қыркүйекте эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғанда бейбіт митинг өткізуге рұқсат берілгенін, алайда қазір оған тыйым салу қарастырылып жатқанын жеткізді.