Сенбі күні сауда ойын-сауық орталықтары жабылмайды

Сенбі күні сауда ойын-сауық орталықтары жабылмайды. Қауіпті вирус өрши қоймаған өңірлерде орталықтар кешкі сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал той-томалақ өткізуге, отбасылық жиындарды ұйымдастыруға рұқсат жоқ. Түнгі клубтар мен көңіл көтеретін орындар жабық болады. Одан бөлек, қалааралық автобустар жүрмейді.