Ұлттық құндылықтар эфирде насихатталмай жатыр. Депутат Нұртөре Жүсіп сенаттың жалпы отырысында осылай деді. Жиында мәдениет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды. Нұртөре Жүсіп “Қазақтың 1000 әні” мен “Қазақтың 1000 күйі” жинақталғанымен, ұлттық саз Қазақстан эфирінде естілмейтінін жеткізді. Депутат ұлттық мәдениет пен рухани мәдениет адамды тәрбиелейді. “Күнделікті түрлі былық-шылықтың, жемқорлықтың, сыбайластықтың, әдепсіздіктің орын алуы мәдениеттің болмауынан. Мәдени деңгейімізді көтермейінше, көп нәрсені жоғалтамыз”, – деді сенатор.