Республикалық тасжолдарға мониторинг жасалды

Республикалық тасжолдарға мониторинг жасалды. Бүгінге дейін 10 мың шақырым жол заманауи техника көмегімен зерттелді. Мұндай жұмысты автомобиль жолдары комитетінің жол активтерінің ұлттық сапа орталығы атқарды. Орталық жыл соңына дейін қазіргі заманғы техникамен жабдықталған көшпелі зертханалар арқылы республикалық автожолдардың 16,5 мың шақырымын тексеруді жоспарлап отыр. Қоса кетсек, орталық биыл 9 айда атқарып үлгерген жұмыстарын қорытындылады. Осы уақыт аралығында 20 мыңнан астам үлгі таңдалып, сыналған. Олардың 4 мыңы, яғни 25%-і нормаға сәйкес келмейтіні анықталды. Одан бөлек, 7,5 мың заңбұзушылық белгілі болды. Жұмыс барысында кеткен олқылықтардың 88%-ін мердігер ұйымдар қайта қалпына келтірді.