27 қазаннан бастап карантин талаптары күшейтіледі

Атап айтқанда, әуе және құрлықтағы шекара бекеттеріндегі қатаң санитарлық талап қойылады, деп хабарлайды «Хабар 24». Халықаралық рейстермен ұшып келген жолаушылар жарамдылық мерзімі 3 күннен аспаған ПТР-тестті көрсетуі тиіс. Егер де жолаушының қолында коронавирусты анықтайтын тест қорытындысы болмаса, әуе кемесінің бортына жіберілмейді. Сондай-ақ транзиттік тасымалды іске асыратын көлік жүргізушілерінің қолында ПТР-тесттің нәтижесі болуы тиіс. Жергілікті санитарлық-эпидемиология қызметтеріне карантинге алынған азаматтардың сынама қорытындысын екі күннің ішінде әзірлеу тапсырылды.