Германияда локдаун енгізіледі. Елде коронавирустың жылдам өршуіне байланысты 2 қарашадан бастап айдың соңына дейін жаңа шектеу шаралары қолданылады. Мұндай шешімді канцлер Ангела Меркель және 16 федералды жердің премьер-министрлері қабылдады. Сәйкесінше, көңіл көтеру орындары, мейманханалар, дәмханалар, қызмет көрсету нысандары бір айға жабылады. Меркельдің айтуынша, соңғы 10 күнде неміс клиникаларының интенсивті терапия бөлімшелеріндегі науқастардың және 9 күнде өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылғандардың саны екі есеге артқан. Қоғамдық орында екі үйдің адамдарына (10 адамнан артық емес) ғана кездесуге рұқсат. Көшелердегі, тұрғын үйлердегі және жекеменшік учаскелердегі өзге кездесулер мен мерекелерге тыйым салынады. Талапты сақтамағандар жауапқа тартылады.