Тоқаев Қабыл университетіндегі суыт хабарға байланысты көңіл айтты. Университетте жасалған лаңкестік шабуыл салдарынан 35 адам жазықсыз қаза тапқан. Соған байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан президенті Мохаммад Ашраф Ғаниға көңіл айту жеделхатын жолдады. Айта кетейік, шабуылдан 50 адам жарақат алды. ІІМ өкілінің ақпаратынша, үш адам шабуыл жасаған. Олардың көзін жою үшін жүргізілген арнайы операция алты сағатқа созылған. Шабуылға жауапкершілікті “Ислам мемлекеті” Қазақстанда тыйым салынған террористік тобы өз мойнына алды.