АҚШ-та президент сайлауының алғашқы нәтижелері белгілі болды

АҚШ-та президент сайлауының алғашқы нәтижелері белгілі болды. Мемлекет басшысы болуға үміткерлер – республикалық Дональд Трамп және демократ Джо Байден. Сайлаушылар дауысының есебін америкалық БАҚ тікелей эфирде көрсетіп жатыр, оның ішінде «Голос Америки» де бар. Ең маңызды деген Флорида және Техас штатында дауыс берудің алғашқы нәтижелері Трамп пен Байден әзірге тең келе жатқанын көрсетті. Дәстүрлі республикалық Техас штатында Байден алда келеді. Бюллетендердің 46 пайызын есептегеннен кейін ол үш миллионнан аса дауыс жинаса, Трампта 2,9 миллион дауыс бар. Ал Флорида штатында дауыстардың 88 пайызы есептелді. Трамп 5,3 миллион дауыс жинады, ал Байденда 250 мың дауыс кем.