Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданы карантинге жабылады. Шектеу шараларына қатысты қаулы 9 қараша күні күшіне енеді. Яғни келесі дүйсенбіден бастап аталған елді мекендерге блок–бекеттер қойылып, кіріп шығуға тыйым салынады. Ауыларалық автобустар жүрмейді. Тұрғындарға тек анықтама бойынша жұмысқа барып келуге рұқсат беріледі. Сонымен қатар жол жөндеушілер, апаттық қызмет мамандары мен бірінші кезектегі тауар тасымалдаушыларына өтуге болады.