Карантин талаптарын бұзған 836 елордалық жауапқа тартылды

Елордада карантин талаптарын бұзған 800-ден астам тұлға жазаланды, деп хабарлайды «Хабар 24». Оларға 15 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Бас қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеванің айтуынша, 25 нысан карантин талаптарын бірнеше рет бұзған. Олар негізінен караоке, түнгі клуб пен тамақтану орталықтары. Айта кетейік, 1 қазаннан бастап елордада вирус жұқтырғандар саны көбеюде. Соңғы бір аптада сынама қорытындысы оң нәтиже көрсеткендер 27%-ке артқан.