Қауіпсіздік сертификаты интернетке қолжетімділік болу үшін қажет. Өткен жылы біз сертификатты қолдануға қатысты алғашқы жаттығуларды өткіздік, белгілі бір қорытынды жасадық. Биыл үлкен кибержаттығулар аясында біз бір тәулік ішінде сынап көрдік. Естеріңізде болса, өткен жылы бұл тест Нұр-Сұлтанда екі аптаға созылған болатын. Бұл оқу-жаттығулар бізде жыл соңына дейін созылды. Біз жаттығуды жоспарлаған кезде сайлау күні туралы білмедік. Науқанның 10 қаңтарда өтетіні жыл соңына қарай белгілі болды. Мұның сайлауға ешқандай қатысы жоқ”, – деді ақпараттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Руслан Әбдіқалықов.