Әлеуметтік желіде суицидке итермелейтін топ ұйымдастырған азамат ұсталды

Әлеуметтік желіде суицидке итермелейтін топ ұйымдастырған азамат ұсталды. Ол тіпті «Вконтакте» желісінде 13 жастағы қызға интимдік суреттерін жіберуге күштеген. Бұл туралы криминальдық полиция департаментінің басқарма басшысы Уайс Ерекеш айтты. Суицидтік топ ұйымдастырған Арыс қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Алдын алу мақсатында бұл дерек бойынша материал интернет-ресурстарда жарияланды, – деді Ерекеш. Жасөспірім өз парақшасында балалар порнографиясынан тұратын сурет және бейнематериалдарды сату туралы хабарландыру жариялаған. Сатып алынған порно өнімдеріне ақы төлеу үшін электронды әмиян қолданыпты. Қылмыстық іс жауапқа тарту жасына жетпегендіктен тоқтатылды, – деді Уайс Ерекеш.