Мектептердің бәрі де қашықтан оқыту режиміне көшуі мүмкін – Елорданың бас санитар дәрігері

Нұр-Сұлтанда мектептердің бәрі де қашықтан оқыту режиміне көшуі мүмкін, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтты. “10 желтоқсандағы жағдай бойынша, 20 мектепте оқу процесі 14 күнге онлайн режимге ауыстырылды”, – деді елорданың бас санитар дәрігері. Оқушылар мен оқытушылар арасында COVID-19 жағдайларының тіркелуі күн сайын жалғасып жатқандықтан, меншік нысанына қарамастан, мектептерді қашықтан оқыту жүйесіне көшу мәселесі қарастырылып жатыр.