Нұр-Сұлтан “қызыл” аймақта. Бас санитар дәрігер астаналықтарға үндеу жасады

Елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева Нұр-Сұлтанның “қызыл” аймаққа кіруіне байланысты астаналықтарға үндеу жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Мереке күндері 4 күн демаласыздар. Жақындарыңыз бен туыстарыңыздың жанында болуға мүмкіндік болады. Мен әрқайсыларыңыз үшін алаңдаймын. Сіздерді жақындарыңыздың денсаулығын ойлауға шақырамын”, – дейді елорданың бас санитар дәрігері.