Павлодар облысында тасжолда болған апат салдарынан бес адам көз жұмды, біреуі – бала

Апат Павлодар-Қызылорда республикалық маңызы бар жолдың 201-ші шақырымында болған, деп хабарлайды өңірлік полиция департаменті. . Ауа райының қолайсыздығына байланысты Subaru Outback, Lada Granta мен Тоyоtа Cаmry көліктері соқтығысты. Салдарынан Lada Granta жүргізушісі мен төрт жолаушы қайтыс болды, арасында бір бала бар. Апаттың мән-жайы мен марқұмдардың аты-жөні анықталып жатыр. Ішкі істер министрлігі ауа райы бұзылған кезде жолға шығудан бас тарту керектігін ескертіп отыр.