Алматы-Өскемен тасжолы ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылды

2020 жылдың 21 желтоқсан сағат 07.00-ден бастап ШҚО-дағы автожолдардың ауа райының қолайсыздығына – қар, бұрқасын, көрудің нашар болуына байланысты республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тасжолында көліктің барлық түрінің жүруіне тыйым салынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.. Алматы облысының ТЖД тұрғындардан осы бағытта жол жүрмеуді және 112 қызметінің SMS-хабарламаларын назардан тыс қалдырмауды сұрайды. Ұзақ жолға шығар алдында ауа райымен танысып, төтенше жағдайларда көмектесетін барлық затты өзіңізбен бірге алып жүруіңіз керек.