Көкшетаудағы көпқабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылды.

Салдарынан сегіз тұрғын, солардың ішінде балалар да жарақат алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап. Жарылыс көпқабатты үйдің бірінші қабатында болғаны айтылды. Салдарынан өрт шықпаған. Өрт сөндірушілер келгенше көршілері алты бала мен екі ересек адамды құтқарып үлгерген. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілген. Алдын ала болжам бойынша, екі отбасы тұратын пәтерге үй иесі сырттан газ баллонын кіргізіп, салдарынан баллон жарылған. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, үй орталық газ құбырына қосылған. Сондықтан ер адамға баллонның не себепті керек болғаны анықталып жатыр.