«Ералаштың» авторы Борис Грачевский қайтыс болды

«Ералаштың» авторы Борис Грачевский қайтыс болды. Балалар әзіл-оспақ киножурналының көркемдік жетекшісі, атақты режиссер 72 жасында Мәскеуде коронавируспен ауруханаға жатқызылғаннан кейін бақилық болған. Бұл қаралы хабарды журналист Борух Горин өзінің Facebook парақшасында 14 қаңтарда кешке жариялады. Ақпаратты актер және оның досы Владимир Долинский және кинотанушы Вячеслав Шмыров та растады.