Ақ қағаз қымбаттап кетті

Қазір кәдімгі қағаздың өзі қымбаттап кетті. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша былтыр А4 қаптамасының орташа көтерме бағасы бір жарым мың теңге тұрса, осы айда баға орта есеппен тағы мың теңгеге өскен. Қазір ірі жеткізушілер кеңсе қағазының 1 қаптамасын 3 мың теңгеден сатып жатыр. Бұған себеп Ресейде кеңсе қағазын өндіру көлемі азайған. Атап өтейік, елде А4 форматындағы қағазды кесу және орау бойынша екі зауыт жұмыс істейді. Былтыр сол кәсіпорындар 600 мың қаптама қағаз шығарды. Бұл ішкі нарықтағы тұтыну көлемінің 5 процентін ғана құрайды. Сондықтан өткен жылы еліміз кеңсе қағазының 61 процентін Ресейден, 30 процентін Түркиядан, ал, 8 процентін Қытайдан импорттады.